КИБЕРФИЗИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР: КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ҚАТЕРЛЕРІ, ШАБУЫЛДАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ҚОРҒАУ ӘДІСТЕРІ
Аннотация
Аңдатпа. Мақалада физикалық және кибернетикалық компоненттерді біріктіретін маңызды инфрақұрылымның негізгі элементтері ретінде киберфизикалық жүйелер қарастырылады. Зерттеу мақсаттарының бірі киберфизикалық жүйелер саласындағы өзекті мәселелерді анықтау болып табылады. Осы типтегі жүйелер энергетика, көлік, денсаулық сақтау және өнеркәсіп сияқты салаларда кеңінен қолданылады, бұл олардың қазіргі қоғамның жұмыс істеуі үшін маңыздылығын көрсетеді. Мақалада соңғы 10 жылдағы киберфизикалық жүйелерге жасалған кибершабуылдарды талдау, энергетикалық желілер мен сумен жабдықтау жүйелері сияқты маңызды нысандарға жасалған шабуылдардың көбеюі көрсетілген. Зиянды программалар, SQL инъекциялар, MITM, спуфинг және DDoS сияқты кибер шабуыл түрлері қарастырылады және антивирустық бағдарламалық жасақтаманы пайдалану, желіні сегментациялау, деректерді шифрлау және көп факторлы аутентификация сияқты қорғаныс шаралары ұсынылады. Зерттеу нәтижелері маңызды инфрақұрылымды қорғау және қоғам мен экономика үшін ауыр зардаптардың алдын алу үшін киберфизикалық жүйелердің киберқауіпсіздігін күшейту қажеттілігін көрсетеді.
Түйін сөздер: киберфизикалық жүйелер, кибершабуыл, SCADA жүйесі, IoT, киберқауіпсіздік.