ҚАЙТА КОНФИГУРАЦИЯЛАНАТЫН RIS ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Жарияланды:
2025-12-22Журналдың саны:
№ 4 (2025): "Вестник ВКТУ им.Д.Серикбаева"Бөлім:
Ақпараттық және коммуникациялық технологияларМақала тілі:
Қазақ тіліКілт сөздер:
Қайта конфигурацияланатын интеллектуалды бет, сигнал, базалық станция, шу, өткізу қабілеті, фаза, радиорелейлік желі.Аңдатпа
Бұл мақала қайта конфигурацияланатын интеллектуалды беттердің көмегімен желінің өткізу қабілетін жақсартуға зерттеуге арналады. Қазіргі таңда қайта конфигурацияланатын интеллектуалды бет (RIS) шағылысқан сигналдың фазасы мен амплитудасын адаптивті өзгерту арқылы сымсыз желілердің өткізу қабілеті мен қамту аймағын ұлғайту үшін перспективалы технологиялардың бірі болып табылады. Зерттеудің мақсаты – RIS орнатудың дәстүрлі тәсілі клиенттік бөлімнен базалық станцияға арна күйінің ақпаратын беруге негізделген және RIS конфигурациялау үшін клиенттік жақтан орнатылған құрылғы және базалық станция арасындағы сигналдың сапасын арттыру мақсатында шешім зерттеледі. Бұл RIS-ті операторға хабарлауды немесе базалық станцияны жаңартуды қажет етпей орнатуға мүмкіндік береді. Ұсынылған тәсілдің қолдану мүмкіндігін зерттеу үшін базалық станция және клиенттік бөлім арасында конфигурацияланған автономды RIS прототипі қолданылады. Прототипті пайдалана отырып, базалық станция мен клиенттік құрылғы арасындағы сигналдың негізгі параметрлері (өшулік, өткізу қабілеті, т.б.) есептеледі.
Зерттеу барысында MATLAB Communication Toolbox және Google Colab көмегімен модельдеу әдістері қолданылып, жіберілген сигналдың сапасы қарастырылады. Сигнал сапасының негізгі параметрлері есептеле отырып, салыстыру жүргізіледі.
Әзірленген әдістеме жоғары ғылыми жаңашылдығымен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленеді. Ұсынылған тәсілдерді заманауи корпоративтік бөлімдерде сәтті іске асыруға болады, бұл желілік инфрақұрылымның тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 ШҚТУ Хабаршысы

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Most read articles by the same author(s)
- Аманжол Темірболат, Альмира Мухамеджанова, Катипа Чежимбаева, Жанат Манбетова, ШАЛҒАЙ ӨҢІРЛЕРДЕ АВТОМОБИЛЬДІК БАЙЛАНЫС КЕШЕНІН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ , ШҚТУ Хабаршысы: № 4 (2025): "Вестник ВКТУ им.Д.Серикбаева"