СҰЙЫҚ ШЫНЫ НЕГІЗІНДЕГІ ОТҚА ТӨЗІМДІ БЕТОН ҚҰРАМЫН MS-500 ГИДРАВЛИКАЛЫҚ ПРЕСС СЫНАҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ТӘЖІРИБЕЛІК АНЫҚТАУ
Жарияланды:
2025-12-30Журналдың саны:
№ 4 (2025): "Вестник ВКТУ им.Д.Серикбаева"Бөлім:
Сәулет және құрылысМақала тілі:
Қазақ тіліКілт сөздер:
отқа төзімді бетон, отқа төзімді материалдар, футеровка, қайнау қабатты пеш, сұйық шыны, , бетонның термотөзімділігі.Аңдатпа
Бұл зерттеу жұмысының мақсаты – қайталама отқа төзімді материалдарды пайдалану арқылы қайнау қабатты пештің қызмет ету мерзімін арттыру және отқа төзімді бетонның физика-механикалық қасиеттерін тәжірибелік және компьютерлік талдау арқылы бағалау болып табылады. Жұмыста дәстүрлі шамот кірпішінен жасалған футеровканы монолитті бетонмен алмастырудың тиімділігі қарастырылды. Негізгі байланыстырғыш ретінде натрий фторсиликаты бар сұйық шыны қолданылды, ол жоғары температура мен агрессивті ортада (SO₃) беріктігін сақтай алады. Эксперименттік зерттеу нәтижелері 900 °C температурада 12–14 термоциклге дейін бұзылусыз төтеп берген бетон үлгілерінің беріктігін көрсетті. Алынған нәтижелер отқа төзімді бетонның қайнау қабатты пештерде қолдануға толық сәйкес келетінін және оның жылу мен механикалық беріктігінің жоғары деңгейін дәлелдейді. Зерттеу нәтижесінде қайталама шамот материалдарын пайдалану отқа төзімді бетонның құрамын оңтайландырып, оның термотөзімділігі мен беріктігін арттыратыны анықталды, бұл өз кезегінде пештердің сенімділігін арттырып, жөндеу жиілігін азайтуға және өндірістік тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 ШҚТУ Хабаршысы

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Most read articles by the same author(s)
- Тулеген Ипалаков, Байтақ Апшикур, Мурат Алимкулов, Азамат Капасов, TЕРЕҢ КАРЬЕР БОРТТАРЫНЫҢ ОРНЫҚТЫ ЕҢІСТЕРІНІҢ РЕСУРС САҚТАУШЫ ПІШІНДЕРІ МЕН ПАРАМЕТРЛЕРІН НЕГІЗДЕУ , ШҚТУ Хабаршысы: № 1 (2025): "Вестник ВКТУ им.Д.Серикбаева"