ЗАМАНУИ ГЕОАКПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

Authors

  • Маржан Тогузова ВКТУ им. Д.Серикбаева

Keywords:

ғарыштық мониторинг, жерді ұтымды пайдалану, ЖҚЗ, ГАЖ,, ауыл шаруашылығы жерлері

Abstract

Мақалада Жер ресурстарын басқару үшін геоақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы жерлеріне мониторинг жүргізу ерекшеліктері қарастырылған. Жер қатынастарын реттеу саласында цифрландыруды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы геоақпараттық жүйелер мен технологияларды қолдану, жер саясатын неғұрлым тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні айқындалды.

Соңғы жылдары мемлекеттік органдарда тиімді басқару шешімдерін талдау, бақылау және қабылдау мақсатында ғарыштық мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін қашықтықтан зондтау технологияларын белсенді қолданатыны анықталды. Геосервистің жұмысы gharysh.kz қаралып, ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалану мониторингі бөлінісінде және бұл геосервис ғарыштық мониторинг жүргізу үшін заманауи геоақпараттық ресурстары болып табылатыны дәлелденген, алайда бірқатар кемшіліктері бар. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингі жөніндегі жұмыстарды жетілдіру мақсатында пайдаланылмайтын жерлерді анықтау, оларға қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу және осы жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару рәсімін жетілдіруге бағытталған мониторинг жүргізудің технологиялық схемасы (алгоритмі) ұсынылды.

Ғарыштық мониторинг жүргізу кезінде заманауи ГАЖ технологияларын пайдалану жерді ұтымды пайдалануды талдау және бақылау, сәйкессіздікті уақтылы анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін кеңейтілген мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді деген қорытындыға келді.

Published

2023-09-30

How to Cite

Тогузова, М. (2023). ЗАМАНУИ ГЕОАКПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ. Вестник ВКТУ, 1(3). Retrieved from https://vestnik.ektu.kz/index.php/vestnik/article/view/568