2025 жылғы 1 шілдеден бастап «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Хабаршысы» журналының жаңа сайт дизайны іске қосылды

2025-07-29

«Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Хабаршысы» журналының редакциясы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап ресми сайттың жаңа дизайнын іске қосқанын қуана хабарлайды.
Жаңартылған портал заманауи ғылыми басылымдарға қойылатын халықаралық талаптарды ескере отырып әзірленді. Жаңа интерфейс академиялық стиль мен пайдаланушыға ыңғайлылықты үйлестіреді: бөлімдердің құрылымы жақсартылды, жарияланым мұрағаттарына жылдам қолжетімділік қамтамасыз етілді, мақалаларды іздеу және сүзгілеу мүмкіндіктері кеңейтілді.
Сайттың мобильді құрылғыларға бейімділігіне ерекше назар аударылды, әртүрлі платформаларда дұрыс бейнеленуі қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, түстер палитрасы мен графикалық элементтер жаңартылып, ақпаратты қабылдау әлдеқайда ыңғайлы болды.
Барлық авторлар, рецензенттер мен оқырмандарды жаңа мүмкіндіктермен танысуға және жаңартылған платформаның артықшылықтарын бағалауға шақырамыз.