КӨП ШЕКТІ ДЕКОДЕРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЦИФРЛЫҚ РАДИОЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ӘДІСТЕРІН ӘЗІРЛЕУ

РАЗРАБОТКА МЕТОДОВ ПОВЫШЕНИЯ ЭНЕРГЕТИЧЕСКОЙ ЭФФЕКТИВНОСТИ ЦИФРОВЫХ РАДИОСИСТЕМ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ МНОГОПОРОГОВОГО ДЕКОДЕРА DEVELOPMENT OF METHODS TO IMPROVE ENERGY EFFICIENCY OF DIGITAL RADIO SYSTEMS USING A MULTI-THRESHOLD DECODER

Авторлар

  • Zhuldyz Sailaukyzy Karaganda Technical University named after Abylkas Saginov

Кілт сөздер:

Цифрлық радиожүйелер, көп шекті декодер, итеративті демодуляция, энергия тиімділігі, түйілген кодтар.

Журналдың саны

Бөлім

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар

Аңдатпа

Цифрлық радиожүйелердің энергия тиімділігі қазіргі заманғы байланыс жүйелеріндегі негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Бұл әсіресе сөніп қалатын каналдарда өзекті, өйткені энергия тұтынуды азайтып, деректерді жеткізудің жоғары сапасын сақтау қажет. Осыған орай зерттеудің мақсаты  цифрлық радиожүйелердің энергия тиімділігін арттыру әдістерін әзірлеу және бағалау, бұл үшін көп шекті декодерлер (КШД) мен түйілген кодтауды қолдану қарастырылды. Радиоканалдардың әртүрлі жұмыс жағдайларында олардың тиімділігі тексерілді. КШД үшін жоғары деңгейде деректерді қорғауды қамтамасыз ететін тиімді түйілген кодтар таңдалды. Зерттеу барысында бұл кодтардың аддитивті ақ гаусс шуы бар каналдардағы энергия тиімділігі бағаланды. Түйілген кодтау әдістері КШД өнімділігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді, бұл деректерді жеткізудің сенімділігін арттырады. Сонымен қатар, итеративті демодуляция және декодтау әдістері қолданылды, бұл қателіктерді әрбір итерацияда түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Бұл әдіс, әсіресе күрделі жағдайларда демодуляция және декодтау процестерін бірнеше рет қайталау арқылы деректерді беру дәлдігін айтарлықтай жақсартуға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ұсынылған әдістер жүйенің энергия тұтынуын 12-18 пайызға азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, сигнал/шум қатынасы (SNR) 10 дБ болғанда биттік қателік коэффициенті (BER) 10⁻³ деңгейінен 8×10⁻⁴ деңгейіне дейін төмендеп, қателіктерді түзету тиімділігі 15-20 пайызға артты. Сондай-ақ, сөніп қалатын каналдарда деректерді беру дәлдігі 10-15 пайызға жақсарып, жүйенің жалпы сенімділігін арттырды. Ұсынылған әдістерді қазіргі заманғы радиожүйелерде сәтті қолдану арқылы олардың энергия тиімділігін арттыруға және байланыс сапасын жақсартуға болады.

Жарияланды

2024-12-10

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Sailaukyzy, Z. (2024). КӨП ШЕКТІ ДЕКОДЕРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЦИФРЛЫҚ РАДИОЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ӘДІСТЕРІН ӘЗІРЛЕУ: РАЗРАБОТКА МЕТОДОВ ПОВЫШЕНИЯ ЭНЕРГЕТИЧЕСКОЙ ЭФФЕКТИВНОСТИ ЦИФРОВЫХ РАДИОСИСТЕМ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ МНОГОПОРОГОВОГО ДЕКОДЕРА DEVELOPMENT OF METHODS TO IMPROVE ENERGY EFFICIENCY OF DIGITAL RADIO SYSTEMS USING A MULTI-THRESHOLD DECODER. ШҚТУ Хабаршысы, (4). Retrieved from https://vestnik.ektu.kz/index.php/vestnik/article/view/1026