Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

ТЕХНОГЕНДІК ҚАЛДЫҚТАРДАН ЖАСАЛҒАН КОРУНД МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ОТҚА ТӨЗІМДІ БЕТОНДЫ ӘЗІРЛЕУ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Гульжан Даумова ВКТУ им. Д. Серикбаева

Жарияланды:

2025-10-01

Бөлім:

Сәулет және құрылыс

Мақала тілі:

Қазақ тілі

Кілт сөздер:

отқа төзімді бетон, корунд, техногендік қалдықтар, алюминий-фосфатты байланыстырғыш, модификация, жылуға төзімділік, физикалық-механикалық қасиеттері

Аңдатпа

Мақалада құрамында құрамында корунды бар техногендік қалдықтарды пайдалана отырып, отқа төзімді бетонды әзірлеу нәтижелері қарастырылған. Байланыстырғыш  компонент ретінде алюминий-фосфаттық байланыстырғышы, ал құрамды можификациялау үшін отқа төзімді саз қолданылады.  Эксперименттер сазды енгізу және компоненттердің арақатынасын оңтайландыру бетонның өнімділігін, атап айтқанда оның беріктігі мен термиялық жүктемелерге төзімділігін едәуір арттыруға ықпал ететінін көрсетті. Компоненттердің оңтайлы қатынасы қалыпты жағдайда қысу беріктігінің 62-65 МПа дейін жоғарылауын қамтамасыз ететіні анықталды, ал ең жақсы үлгілер 75 МПа беріктікке жетті. 1000 °C температурада термиялық өңдеуден кейін беріктік 30-40 МПа деңгейінде сақталды, бұл бастапқы мәннің 60%-дан астамын құрайды. Үлгілердің бұзу жүктемесі 168 кН-ға жетті, бұл материалдың жоғары көтергіш қабілетін растайды. Үлгілердің тығыздығы 2,8-2,9 г / см3 құрады, суды сіңіру 6-7% - дан аспады, бұл отқа төзімді композициялық материалдарға қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Микроқұрылымдық талдау корунд бөлшектерінің біркелкі таралуымен қатар, отқа төзімді фосфат матрицасының түзілуін растады. Алынған деректер әзірленген материалды жоғары температурада пайдалану жағдайында, әсіресе металлургиялық өндірістердің жылу агрегаттарының футеровкасы кезінде қолдану мүмкіндігін растайды.