Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

ДЕОРБИТАЦИЯНЫҢ АТМОСФЕРАЛЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ҒАРЫШ АППАРАТЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫС ДИНАМИКАСЫН МОДЕЛЬДЕУ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Aigul Kulakayeva МУИТ
Берик Жумажанов «Ghalam» ЖШС
Айнур Жетписбаева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Абдикул Ашуров Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Айгерим Зылғара Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы" АҚ

Жарияланды:

2025-12-22

Бөлім:

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар

Мақала тілі:

Қазақ тілі

Кілт сөздер:

деорбитация, атмосфералық кіру, ғарыш аппараты, модельдеу, ЖҚЗ, траектория, аэродинамикалық кедергі.

Аңдатпа

Бұл жұмыста Жерді қашықтан зондтау ғарыш аппаратының деорбитацияның атмосфералық кезеңіндегі қозғалыс динамикасын модельдеу қарастырылады. Зерттеу Жер атмосферасының тығыз қабаттарындағы ғарыш аппаратының қозғалысын сипаттайтын дифференциалдық теңдеулер жүйесін сандық әдіс түрінде шешуге негізделген. Есептеулерде Халықаралық стандартты атмосфера қолданылады және ғарыш аппаратын 100 км биіктіктен төмендету сценарийіне сәйкес келетін бастапқы параметрлер берілген. Ғарыш апараты жылдамдығының, биіктігінің, қозғалыс бұрышының және көлденең қашықтығының өзгерістері анықталды, бұл пассивті атмосфералық кіру кезіндегі динамикалық мінез-құлықтың сипаттық тәуелділіктерін алуға мүмкіндік берді. Құрылған графиктер тежелудің негізгі ерекшеліктері мен төмендеу траекториясының қалыптасуын көрсетеді. Алынған нәтижелер Жерді қашықтан зондтау ғарыш аппараттарының деорбитация параметрлерін бағалауға, мүмкін құлау аймақтарын болжауға және аналитикалық немесе оқыту құралдарын әзірлеуде пайдалануға мүмкіндік береді. Жүргізілген талдау Жерді қашықтан зондтау спутниктерінің қызметін аяқтауды жоспарлау кезінде және ғарыш аппараттарын деорбитациялаудың ұлттық әдістемелерін жасауға қолданылуы мүмкін.

Автор өмірбаяндары

Берик Жумажанов

«Ghalam» ЖШС,  пайдалы жүктеме және ғылыми әзірлемелер бөлімінің басшысы, Астана, Қазақстан

Айнур Жетписбаева

«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. «Ghalam» ЖШС,  пайдалы жүктеме және ғылыми әзірлемелер бөлімінің ғылыми қызметкері, Астана, Қазақстан

Абдикул Ашуров

«Ғарыштық техника және технологиялар» кафедрасының профессоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті., Астана, Қазақстан.

Айгерим Зылғара

Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы" АҚ Ғарыштық жүйелер департаментінің инженері, Астана, Қазақстан.

Article cover image
Kulakayeva, A., Жумажанов, Б., Жетписбаева, А., Ашуров, А., & Зылғара, А. (2025). ДЕОРБИТАЦИЯНЫҢ АТМОСФЕРАЛЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ҒАРЫШ АППАРАТЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫС ДИНАМИКАСЫН МОДЕЛЬДЕУ. ШҚТУ Хабаршысы, (4). Retrieved from https://vestnik.ektu.kz/index.php/vestnik/article/view/1389