ҚАНТ ДИАБЕТІМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН IOT ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ

Авторлар

  • Азамат Өмірзақ КазНУ

Аңдатпа

Мақала науқастардағы қант деңгейін бақылаудың техникалық құралдарына арналған. Қандағы қантты өлшеуге және бақылауға арналған көптеген ұқсас жүйелердің бары белгілі. Алдағы шешілетін міндеттер тізіміне қандағы глюкоза деңгейін белсенді бақылау және физикалық белсенділікті арттыру, диетаны және инсулин қабылдауды бақылауға кіргізу. Диабеттік технологиялар мен өзін-өзі басқаруға арналған қосымшалардың соңғы жетістіктері пациенттердің тиісті мәліметтерге қол жеткізуін жеңілдетті. Интернет заттары (IoT), ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен машиналық оқытудың мүмкіндіктері денсаулық сақтау мен онлайн медициналық қызметтерді ұйымдастырудағы шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Қандағы глюкозаны болжау (жеке профильді модельдеу) және қандағы глюкоза динамикасын модельдеу сияқты әдістер қант диабетімен ауыратын науқастар үшін өте маңызды технология болып табылады.

Бүкіл әлемде балалар арасында қант диабеті жағдайларының саны артып келеді, сондықтан жас науқастарды бақылау өзекті тақырып болып отыр. Сондықтан, бұл шолу негізінен диабетпен ауыратын жас пациенттердің жағдайын бақылау үшін оңтайлы құрылымды табуға бағытталған, олар туралы әдебиетте іс жүзінде ешқандай ақпарат айтылмаған, яғни мұндай жүйенің бірқатар ерекшеліктерінің болуы, бұл мақаланың жаңалығын анықтайды.