ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТАНЫҢ МАҢЫЗЫ
Жарияланды:
2022-07-02Журналдың саны:
№ 2 (2022): «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Хабаршысы»Бөлім:
СтатьиМақала тілі:
Қазақ тіліКілт сөздер:
Туризм, қолжетімді туризм, кедергісіз туризм, кедергісіз орта, мүмкіндігі шектеулі адамдар, мүгедектер.Аңдатпа
Кедергісіз туризм - бұл психофизикалық даму ерекшеліктері бар адамдарға туристік қызметті ыңғайлы және кедергісіз жүзеге асыруға кепілдік беретін туризмнің ерекше түрі. Колжетімді туризм - бұл әлеуметтік туризмнің маңызды бағыты. Әлеуметтік туризмнің басты мақсаты - мүгедектерге, зейнеткерлерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне, мектеп оқушыларына, жастарға және мемлекеттік және мемлекеттік емес қорлар және басқа да ұйымдар әлеуметтік қолдау көрсететін кез келген басқа азаматтарға саяхат жасау үшін жағдай жасау. Бұл жұмыстың мақсаты мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін кедергісіз ортаны ұйымдастырудың теориялық және практикалық аспектілерін зерделеу, сондай-ақ жобалық шешімдерді іске асыру тәуекелдерін талдау болып табылады. Мақалада қедергісіз туризмнің теориялық аспектілері, мүмкіндігі шектеулі адамдардың, кедергісіз ортаның туризмге әсері мен маңызы, кедергісіз туризмнің рөлі қарастырылды. Қазақстандағы кедергісіз туризмге статистикалық талдау, анализ және ұсыныстар ұсынылды.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2022 Вестник ВКТУ
Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.