КЕН АҒЫНЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ САНДЫҚ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ
Кілт сөздер:
басқару, агент, ықтималдық, бақылау, сенімділік, модель, норматив, қателер, процесс, тәуекелдер, жүйеЖурналдың саны
Бөлім
Аңдатпа
Жұмыстың мақсаты кен ағындарының мысалында көп параметрлік жүйелерде басқару және шешім қабылдау тәуекелдерін сандық бағалау және болжау арқылы басқару процесінің сапасын арттыру болып табылады. Мақалада басты мән кен ағынын басқару жүйесіндегі бақылау процесіне беріледі. Бақылау процесі өлшеу процедураларын, өлшенген шаманы нормативпен салыстыруды және шешім қабылдауды қамтитын күрделі процедура болып табылады. Басқару агенттерінің параметрлік белгісіздігі жағдайында бақылау жалған және анықталмаған ақау түрінде шешім қабылдау қателіктерімен бірге жүреді. Нақты жағдайларда ықтимал қателер екі түрдегі тәуекелдер ретінде анықталады: жұмыс орындаушының тәуекелі және жұмыс берушінің тәуекелі. Көрсетілген тәуекелдерді сандық бағалау үшін басқару және модельдеу агенттерінің статистикалық сипаттамаларының бақылау нәтижелеріне әсерін зерттеуге мүмкіндік беретін ықтималдық және имитациялық модельдер әзірленді. Модельдеудің сенімділігі мен тиімділігі компьютерлік эксперимент арқылы тексеріледі. Модельдеудегі әзірленген тәсіл әмбебап болып табылады және оны әртүрлі ғылыми-техникалық практикалық қосымшаларда қолдануға болады. Авторлар көп параметрлік бақылау жүйесінде шешім қабылдау тәуекелдерін сандық бағалаудың жаңа көп тәсілді әдісін ұсынды.