ТАЛШЫҚТЫ-ОПТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ЖОЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ ЭНЕРГИЯ ТАРАТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ҮЛГІСІН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ
Кілт сөздер:
Энергия көздері; оптикалық талшық; фотовольтаика; фотоэффект; жарық толқыны; энергия тарату.Журналдың саны
Бөлім
Аңдатпа
Бұл мақалада энергия көздерінен едәуір қашықтықта орналасқан ультра аса төмен қуатты автономды электронды құрылғыларды электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін талшықты-оптикалық байланыс жолы (ТОБЖ) бойынша энергия тарату жүйесінің зертханалық үлгісі әзірленеді және зерттеледі. Әзірленіп жатқан жүйе автономды стационарлық құрылғылар үшін мыс өткізгіштер мен аккумуляторларды пайдаланудан бас тартуға мүмкіндік береді, алайда техникалық іске асыру тұрғысынан белгілі бір қиындықтарды тудырады. Ұсынылған зерттеудің нәтижесінде зертханалық үлгі әзірленді, оның көмегімен фотодетектор тармағында ток пен кернеу мәндерін өлшеуге мүмкіндік болады. Мұнда эквивалентті генератор әдісімен қатар, активті екіұшты үшін екі арнайы түйінді белгілі тізбек заңдары қолданылды. Зерттеу саласындағы әдебиеттерді, ғылыми жетістіктер мен жаңалықтарды талдау кезінде шетелдік аналогтардан өзгеше өзіндік зерттеу тұжырымдамасы түзілді. Экспериментті жүргізу кезінде фотоқабылдағыш бос жүріс, қысқа тұйықталу режимдерінде болып, жоғары кедергілі жүктемеге қосылды. 10 және 30 МВт сәулелену көздерін (лазерлерді) пайдаланып, алынған эксперименттік мәліметтер бойынша вольт-амперлік сипаттамалар (ВАС) салынды. Сәулелену көзі мен сәулеленген кремний кристалының техникалық параметрлері мен сипаттамалары келтірілген. Электротехника заңдарын, соның ішінде Ом заңын қолдана отырып, шығыс электр қуаты анықталды. Алынған мәліметтерді өңдеу үшін функцияның квадраттық интерполяциясы, орташа квадраттық жуықтау нәтижелері қолданылып, сонымен қатар регрессиялық талдау жүргізілді. Абсолютті және салыстырмалы қателер есептелді. Стьюдентттің коэффициенті 0,95 сенімділік интервалында анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша ТОБЖ бойынша энергия тарату жүйесінің зертханалық үлгісінің пайдалы әсер ету коэффициенті (ПӘК) анықталды.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
##plugins.generic.recommendByAuthor.heading##
- Павел Дунаев, ҚАТТЫ ДЕНЕЛІ ДИЭЛЕКТРИКТЕРДЕГІ ҚҰРЫЛЫМНЫҢ МИКРОСКОПИЯЛЫҚ АҚАУЛАРЫНЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЛШЕУДІҢ ӘМБЕБАП ӘДІСТЕМЕСІН ӘЗІРЛЕУ , ШҚТУ Хабаршысы: № 4 (2024): "Вестник ВКТУ им.Д.Серикбаева"
- Павел Дунаев, ОСОБЕННОСТИ ПРИМЕНЕНИЯ ЭЛЕКТРОИЗГОРОДИ В ТОО «СЕВЕРО-КАЗАХСТАНСКАЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННАЯ ОПЫТНАЯ СТАНЦИЯ» РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН , ШҚТУ Хабаршысы: № 4 (2023): «Вестник ВКТУ им. Д. Серикбаева»