Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

«ЖҚЗ ДЕРЕКТЕРІН ӨҢДЕУДІ ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ ҮШІН ЖЕРДІ СПУТНИКТІК БАҒАЛАУДЫ ЗЕРТТЕУ»

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Альмира Жакупова Евразийский национальный университет имени Гумилёва

Жарияланды:

2023-06-30

Мақала тілі:

Қазақ тілі

Кілт сөздер:

Түйінді сөздер: мониторинг, ЖҚЗ, ГАЖ технологиялары, ғарыштық суреттер.

Аңдатпа

Аңдатпа. Қазіргі уақытта ғарыштық мониторинг  ақпараттық әлемде үлкен қарқын алуда, соңғы 70 жылда кеңістіктік ажыратымдылығы өте жоғары түсірілім құрылғылары орнатылған ғарыш аппараттары пайда болды. Бұл дамушы сала - Жерді қашықтықтан зондтау деп аталады. ЖҚЗ өзектілігі ретінде белгілі бір елді мекендерде жерді дұрыс пайдаланумен байланысты проблемаларды шешеді, яғни мемлекеттік, сондай-ақ экономикалық салада жұмысты жеңілдетеді.

Қазақстанда ғарыш қызметі соңғы онжылдықтарда ғарыш аппараттарын жобалау тұрғысынан жақсы дами бастады. Ауыл шаруашылығы өндірісі Қазақстандағы мониторинг қазіргі дамудың басты бағыты болып келеді. Фермерлік шаруашылықты өзектендіру және жерді пайдалануды жүйелеу-агроөнеркәсіптің негізгі өзегі болып табылады. Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік өндіріске үздіксіз бақылау және  жерді дұрыс пайдалануды қадағалау қажет. Қазақстан Республикасының солтүстік бөлігінде ірі дәнді дақылдар мен мал шаруашылығы кешені сияқты шаруашылықтар неғұрлым қолайлы болып табылады, ал елдің оңтүстік бөлігінде шағын және орташа шаруашылықтар тән. 

Зерттеу нысандары Солтүстік Қазақстанның аудандары (Тереңкөл және Павлодар) болып табылады.

Зерттеудің мақсаты— ГАЖ бағдарламасын қолдана отырып, Павлодар облысының белгілі бір аймағына өсімдік жамылғысының вегетациясына талдау жасау, осы аймақтағы пайдалануғ аберілген ауылшаруашылық жерлеріне баға беру, сондай-ақ өсімдіктердің даму динамикасын бағалау және 2019 жылдан 2021 жылдар аралығындағы жер жағдайының өзгеруін анықтау.

Жакупова, А. (2023). «ЖҚЗ ДЕРЕКТЕРІН ӨҢДЕУДІ ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ ҮШІН ЖЕРДІ СПУТНИКТІК БАҒАЛАУДЫ ЗЕРТТЕУ». ШҚТУ Хабаршысы, (2), 74–87. Retrieved from https://vestnik.ektu.kz/index.php/vestnik/article/view/449