Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

КАРДТЫ ТАРАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ РЕЖИМДЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІНІҢ ТАСПА МЕН ИІРІМ ЖІПТІҢ САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Гулжан Мурзабаева НАО ЮКУ им. М.Ауэзова

Жарияланды:

2024-03-29

Бөлім:

Статьи

Мақала тілі:

Қазақ тілі

Кілт сөздер:

иірім жіп, мақта талшығы, тарау, иіру, иірім жіптің біртегіссіздігі, тарау машинасы

Аңдатпа

       Иіру өндірісіндегі кардты тарау созуды жүзеге асыру кезінде созу құралындағы талшықтардың жеке, табиғи қозғалысын қамтамасыз етеді.  Мақтаны өңдеу кезінде өнімде кардты тараудан кейін қалған барлық ажыратылмаған талшықтар кешендері, қоқым қоспалары мен талшықтардың ақаулары иірім жіпке өтеді. Бұл иірудің жоғарылауына және үзілуіне әкеледі. Сондықтан кардты тараудың тиімділігі иірім жіптің сапасын анықтайды.

      Бұл мақала тарау машиналарының технологиялық параметрлерін оңтайландыруға, яғни сапалы тарақ таспасын, сондай-ақ иірім жіптерді шығару үшін қалпақшалардың қозғалу жылдамдығын таңдауға арналған. Машинаның көптеген айнымалы параметрлерінің ішінде, мысалы, негізгі барабанның айналу жылдамдығы, қабылдау барабанының айналу жылдамдығы, қоректендіру жылдамдығы және шығару жылдамдығы, сондай-ақ қалпақшалардың қозғалыс жылдамдығы маңызды рөл атқарады. Біздің мысалда біз қалпақшалардың жылдамдығының өнімнің сапасына әсері туралы жұмыс жасадық, ал қалған барлық параметрлер өзгеріссіз қалды. Таспа мен иірім жіптерді өндіру үшін қалпақшалардың бес түрлі жылдамдық режимдері  қолданылды.

      Зерттеу нәтижелері бойынша иірім жіптің тегістігі мен беріктігінің жақсартылған қасиеттері қалпақшалардың 360 мм/мин жылдамдығында байқалады, бірақта қалдықтардың пайыздық санының айтарлықтай артқанын көрсетті.

Article cover image
Мурзабаева, Г. (2024). КАРДТЫ ТАРАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ РЕЖИМДЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІНІҢ ТАСПА МЕН ИІРІМ ЖІПТІҢ САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ. ШҚТУ Хабаршысы, (1). Retrieved from https://vestnik.ektu.kz/index.php/vestnik/article/view/513