СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ШЕШІМДЕРІН ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН BIM-ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУДЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ
Жарияланды:
2023-09-30Бөлім:
Сәулет және құрылысМақала тілі:
Орыс тіліКілт сөздер:
Ғимараттың ақпараттық моделі; BIM-технологиялар; ғылыми-зерттеу қызметі, торлы қабықтарАңдатпа
2017 жылы әзірленген "Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және азаматтық құрылысына ақпараттық модельдеу технологиясын енгізу тұжырымдамасы" құрылыс саласының алдына жаңа міндеттер қойды. Қазақстандық жобалау компаниялары BIM енгізуге мүдделі, сондықтан өзекті мәселелер: білікті BIM - мамандарды даярлау және студенттердің ғылыми зерттеулерге қызығушылығын қалыптастыру, жастарды ғылыми қызметке тарту болып табылады [1]. Зерттеудің мақсаты студенттердің зерттеу дағдыларын қалыптастыру мәселесін қамтитын әдебиеттерді талдау болды. Авторлар ғылыми-зерттеу қызметін BIM-технологиялар саласындағы кәсіби құзыреттілікті игерудің тиімді жолдарының бірі ретінде қарастырды. Ғылыми зерттеу әдісі негізінде BIM технологияларын оқытудың жаңа жүйесі ұсынылды. Сәулет-құрылыс бағытындағы мамандарды даярлауда осы тәсілді қолдану нәтижелері келтірілген.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 ШҚТУ Хабаршысы
Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.