НЕГІЗГІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТАРЫН ГРАФИКАЛЫҚ ВИЗУАЛИЗАЦИЯЛАУ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІН ЖӘНЕ АЛГОРИТМІН ӘЗІРЛЕУ
Жарияланды:
2024-06-27Журналдың саны:
№ 2 (2024): "Вестник ВКТУ им.Д.Серикбаева"Бөлім:
СтатьиМақала тілі:
Орыс тіліКілт сөздер:
визуализация, негізгі пайдаланушылар, графикалық визуализация алгоритмі, әлеуметтік желілерді талдау, негізгі пайдаланушылардың байланыстарыАңдатпа
Соңғы жылдары қылмыскерлерді әлеуметтік желідегі аккаунттар арқылы анықтауға және оған қатысы бар пайдаланушылардың байланысының визуализациясын талдауға зерттеуге қызығушылық артты, өйткені қылмыскерлер әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланады, ал әлеуметтік желілер арқылы экстремизмге шақырулар саны жыл сайын артып келеді. Бұл мақалада жалпыға қолжетімді пайдаланушы профилі деректеріне негізделген әлеуметтік желіні талдау және сәйкестендіру әдістерін пайдаланудың өзекті мәселесі қарастырылады. Әлеуметтік желілерде қылмыстық ақпаратты тарату түйіндерін анықтау үшін негіззі пайдаланушылардың байланыстарын графикалық визуализациялау алгоритмі мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу қарастырылады. Мақалада қолда бар шешімдер мен тәсілдерге шолу жасалады, сонымен қатар авторлар өзінің графикалық визуализация алгоритмін ұсынады. Эксперимент нәтижелері негізгі пайдаланушыларды анықтаудың жоғары дәлдігін көрсетті.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 ШҚТУ Хабаршысы
Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.