АНАЛИЗ СХЕМ РАСТАНОВОК ЛАПОВЫХ РАБОЧИХ ОРГАНОВ НА ШИРОКОЗАХВАТНЫХ СЕЯЛКАХ БЛИЖНЕГО И ДАЛЬНЕГО ЗАРУБЕЖЬЯ

АНАЛИЗ СХЕМ РАСТАНОВОК ЛАПОВЫХ РАБОЧИХ ОРГАНОВ НА ШИРОКОЗАХВАТНЫХ СЕЯЛКАХ БЛИЖНЕГО И ДАЛЬНЕГО ЗАРУБЕЖЬЯ

Авторлар

  • Канат Утеулов КазАТИУ

Кілт сөздер:

широкозахватная сеялка, посевной комплекс, заделывающая часть, лаповый рабочий орган, схема расстановки, тяговый класс

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Аңдатпа

Мақалада, жақын және алыс шетелдердің кең алымды сепкіштеріндегі тұқым енгізу бөлігінің қаңқасында, табан тәріздес жұмыс органдарының орналасу схемалары зерттелді. Алым енінің мәндері әртүрлі, үш және бес секциялық кеңалымды сепкіштердегі жұмыс органдарының орналасу схемалары қарастырылған. Кейбір кеңалымды сепкіштердің тұқым енгізу бөлігінің конструкцияларында тасымалдау дөңгелектері жоқ екендігі анықталды, олардың функцияларын пневматикалық дөңгелек түріндегі тірек-нығыздау катоктары мен алдыңғы технологиялық дөңгелектер орындайды. Сонымен қатар, олар тұқым мен тыңайтқыштарды себу бойынша технологиялық процесті жүзеге асыру барысында, енгізу тереңдігін орнату үшін қолданылады.

Тасымалдау дөңгелектері болған жағдайда, олар тұқым енгізу бөлігінің қаңқасынына байланысты оның ішінде немесе одан тыс жерінде орналасуы мүмкін. Осылайша, тасымалдау дөңгелектерінің болу мүмкіндігін және олардың орналасуы орнын ескеру қажет. Өйткені,табан тәріздес жұмыс органдарының тұқым енгізу бөлігінің қаңқасында оңтайлы орналасуы мен реттілігі тасымалдау дөңгелектерінің болуына және олардың орналасу орнына байланысты. Табан тәріздес жұмыс органдарын оңтайлы орналасуының негізгі мақсаты – жұмыс органдарының қатарлары арасындағы кеңістіктің өсімдік қалдықтарымен бітелуіне жол бермеу және олардың арасындағы топырақтың деформациясының таралу аймағын есепке алу болып табылады.

Табан тәріздес жұмыс органдарының орналасу схемаларын зерттеу нәтижелері бойынша, тұқым енгізу бөлігінің қаңқасында тасымалдау дөңгелектерінің болуына және оның орналасуына орнына байланысты бірнеше негізгі түрге бөлу қажеттілігі туындады.

Әрі қарай, жоғарыда аталған кең алымды сепкіштердің алым ені мен секциялар санына байланысты тіркелетін тракторлардың тарту класстары анықталды.

Зерттеу 217 "Ғылымды дамыту": АР08856407 "Тұқым себуге және минералды тыңайтқыштарды әр түрлі тереңдікке саралап енгізуге арналған кең алымды сепкіш әзірлеу" грант жобасы аясында 2020-2022 жылдар аралығында орындалды.

Жарияланды

2024-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Утеулов, К. (2024). АНАЛИЗ СХЕМ РАСТАНОВОК ЛАПОВЫХ РАБОЧИХ ОРГАНОВ НА ШИРОКОЗАХВАТНЫХ СЕЯЛКАХ БЛИЖНЕГО И ДАЛЬНЕГО ЗАРУБЕЖЬЯ: АНАЛИЗ СХЕМ РАСТАНОВОК ЛАПОВЫХ РАБОЧИХ ОРГАНОВ НА ШИРОКОЗАХВАТНЫХ СЕЯЛКАХ БЛИЖНЕГО И ДАЛЬНЕГО ЗАРУБЕЖЬЯ. ШҚТУ Хабаршысы, (3). Retrieved from https://vestnik.ektu.kz/index.php/vestnik/article/view/587