Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

АЛГОРИТМЫ И ПРОГРАММНОЕ ОБЕСПЕЧЕНИЕ ИНТЕРПРЕТАЦИИ ДАННЫХ ПОДПОВЕРХНОСТНЫХ ЗОНДИРОВАНИЙ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
kazizat iskakov Евразийский национальный университет имени Л.

Жарияланды:

2023-12-22

Журналдың саны:

Нөмір 1 № 4 (2023): CITech

Бөлім:

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар

Мақала тілі:

Орыс тілі

Кілт сөздер:

Алгоритм, программное обеспечением, георадар, геоэлектрический разрез

Аңдатпа

Бұл жұмыста автокөлік жолдарын пайдалану мен жөндеуден, реконструкциялаудан туындайтын, жер қабатының құрылымын және оның жай-күйінің болжамын зерттеуге байланысты мәселелер қарастырылды: жол төсеміндегі құрылымдық қабаттардың құрылымын зерттеу; автокөлік жолының жасанды жабындының қалыңдығы мен сипатын анықтау; құрылымдық қабаттарының сипаты мен қалыңдығын анықтау. Бұл есептерді зерттеу үшін Око-2 сериялы георадарымен бұзылмайтын зондтау әдісі қолданылды. Бұл құрылғының көмегімен Ақмола облысындағы тас жолдың бір бөлігінде тәжірибелік зерттеулер жүргізілді. Физикалық тұрғыда негізделген немесе эксперименталды түрде анықталған заңдылықтарды қолдану болып табылатын инженерлік-техникалық әдістердің негізінде жолдың геоэлектрлік кескінін анықтау үшін алгоритмдер мен сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленді.

Жол төсемінің электрлік өткізгіштігі (немесе оның кері шамасы – меншікті кедергі) автокөлік жолдарының маңызды сипаттамасы болып табылады. Жол қабаттарының өткізгіштігі мен электрлік кедергісі аз зерттелген. Электрлік өткізгіштікке жол төсемінің, жол негізінің, жер асты қабатының және оның қабаттарының материалдарының жағдайы әсер етеді.

Жұмыстың мақсаты – жол жабындысының геоэлектрлік қимасын анықтауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу.