СТУДЕНТТЕР ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚАШЫҚТЫҚТАН БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМАСТЫРУ
Кілт сөздер:
Заттар интернеті, жасанды интеллект, денсаулық мониторингі, алгоритм, модельдеуЖурналдың саны
Бөлім
Аңдатпа
Студенттердің мектептен кейінгі білімін жалғастыруы Университетке оқуға түсіп, үйреншікті өмір жолының көп жағдайда өзгеруі және басқа қалаға орын ауыстыратындар үшін де, психоэмоционалды жүктемелердің көбеюі де студент жастардың жаңа ортаға бейімделуін біршама қиындатады, онымен қоса әртүрлі ауруларға әкеліп соғуы да мүмкін. Ел болашағы осы білімін жалғастырған жастардың қолында болғандықтан, оны елеусіз қалдырмаған дұрыс. Білім беру орталарының мақсаты жастарға өмірдің бастапқы кезеңдерінде анағұрлы салауатты өмір салтына бейімделуге көмектесу. Осындай мәселелердің өзектілігі білім алушылардың қазіргі таңдағы денсаулығын клиникаға дейін бағалауға және білім беру орталарында профилактикалық ортаны қалыптастыруға және денсаулықарын нығайтуға мүмкіндік беретін кешенді зерттеулердің қажеттілігіне әкеледі. Бұл мақалада зерттелген жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің студенттері денсаулығының жағдайы туралы ақпаратты жинау және талдау негізінде жасалды. Осы мақсатта университеттің 3344 студентінің жеке денсаулық деректерін пайдалана отырып модельдеу жүргізілді. Зерттеуге 58,4% қыз балалар және 41,6% ер балалар қатысты. Зерттеуге қатысқан студенттердің көбі 17 мен 20 жас аралығында болды. Осы талдауда жүргізуде K-жақын көршілер әдісі, анықтамалық векторлық әдіс және Байес алгоритмі пайдаланылды. Әртүрлі болжау алгоритмдерін бағалау үшін таңдалған тиімділік көрсеткіштері бойынша сезімталдық, дәлдік және қолжетімділік ескерілді. Осы мәндері бойынша максималды және машиналық тірек векторларының классификаторын пайдалану кезінде жоғары нәтиже көрсететіні анықталды. Қазіргі таңдағы дамыған интеллектуалды ақпараттық-аналитикалық жүйелердің жалпы өнімділігі, негізінен сенімділік параметрі бойынша бағаланады. Студенттердің денсаулығын бақылаудың белгілі өзге жүйелерімен салыстырғанда, ол жүйе жоғары сенімділікті көрсеттіп отыр. Бұл модель студенттердің денсаулығына әсер етуі мүмкін сыртқы параметрлерді қосу арқылы денсаулық мониторингін кеңейту үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұдан басқа, Қазақстанның және бүкіл әлемнің басқа оқу орындарында оқушылардың денсаулығын мониторингтеуге терең оқыту технологиясын енгізу бойынша жоспарлар бар.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
##plugins.generic.recommendByAuthor.heading##
- Жанар Оралбекова, ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ШЫНАЙЫЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК НАРЫҒЫНДА ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ , ШҚТУ Хабаршысы: Нөмір 1 № 4 (2023): CITech
- Аида Алинова, Makpal Zhartybayeva, DETERMINATION OF BATHYMETRIC AND HYDROGRAPHIC PARAMETERS OF WATER BODIES THROUGH NEURAL NETWORKS. , ШҚТУ Хабаршысы: № 1 (2024): "Вестник ВКТУ им.Д.Серикбаева"