ЕСТЕСТВЕННОЕ УВЛАЖНЕНИЕ ТЕРРИТОРИИ ЛЕСОСТЕПНОЙ И СТЕПНОЙ ЗОН КАЗАХСТАНА В ГОДЫ РАЗЛИЧНОЙ ТЕПЛОВЛАГООБЕСПЕЧЕННОСТИ
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан, дала және орманды дала аймақтары, ауа температурасы, жауын-шашын мөлшері, ылғалдану, жылу-ылғалмен қамтамасыз ету, құрғақ және ылғалды жылдар.Журналдың саны
Бөлім
Аңдатпа
Мақалада Солтүстік Қазақстанның орманды дала және дала аймақтары жағдайында вегетациялық кезеңінің (мамыр-тамыз) жылумен және ылғалмен әр түрлі қамтамасыз етілген жылдардағы табиғи ылғалдануы зерттелді. Атбасар және Благовещенка метеостанцияларында алынған ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері секілді стандартты метеорологиялық деректерді қолдану арқылы, гидрологиялық-климаттық есептеу әдісі негізінде көп жылдық кезеңдегі (1961-2020 жж.) жылу және су балансы элементтерінің мәндері анықталды, сонымен қатар ондаған жылдар бөлінісінде құрғақ және ылғалды жылдар кезеңдері анықталды. Зерттелген аумақта буланудың жылу энергетикалық ресурстарының су эквиваленті мәндерінің шамалары құрғақ және ылғалды жылдары жауын-шашын сомасының оңтайлы жағдайлардағы мәндерінен асып түседі. Сонымен қатар, құрғақ жылдары ылғалдың жоғары тапшылығы ылғалдану коэффициенті 1,0 деңгейіндегі оңтайлы ылғалдану жағдайындағы көрсеткіштің нормасынан 1,5-2 есе артық. Құрғақ жылдары барлық зерттелетін метеостанциялардағы ылғалдану коэффициенті оңтайлы жағдайларды сипаттайтын нормадан 2-3 есе төмен. Дала аймағында, Атбасар метеостанциясында 60 жыл ішінде ылғалды жылдарға қарағанда құрғақ жылдар көп болды, ал орманды дала аймағында Благовещенка метеостанциясында құрғақ жылдарға қарағанда ылғалды жылдар көп болды. Соңғы онжылдықтағы тенденциялар дала аймағында құрғақ және ылғалды жылдардың бірдей қайталану жиілігімен және орманды дала аймағында ылғалды жылдардың көбірек қайталануымен сипатталады.