Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

ҚҰРАМЫНДА ҰСАҚ ДИСПЕРСТІ ШЫНЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН БЕТОННЫҢ БЕРІКТІГІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Гульмира Байзакова ВКТУ им. Д.Серикбаева
Ольга Руденко Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университет

Жарияланды:

2024-09-30

Бөлім:

Статьи

Мақала тілі:

Орыс тілі

Кілт сөздер:

Бетон; шыны; қалдықтар; ұсақ дисперсия; беріктік; үлгілер; сыну.

Аңдатпа

Қазіргі уақытта құрылыс практикасы тығыз және беріктігі жоғары бетондарды қамтитын жаңа буынның жоғары технологиялық бетондарын көбірек қолданумен сипатталады. Табиғи шикізат материалдарының жоғары құны жағдайында қалдықтарды олардың негізінде құрылыс материалдарын жасауда пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін анықтайтын ғылыми-зерттеу жұмыстары ерекше мәнге ие. Сонымен қатар, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесі шешілуде. Қайта өңделген шыны қалдықтарын бетон өндірісінде толтырғыш ретінде пайдалану туралы осы мақалада жүргізілген зерттеу цемент компонентінің бір бөлігін қайта өңделген ұсақ дисперсті шынының ауыстыру мүмкіндігін қарастырады. Жүргізілген зерттеулер пайдаланылатын цемент мөлшерін азайтуға ғана емес, сонымен қатар бетонның беріктік қасиеттерін арттыруға, сондай-ақ экологиялық мәселелерді ішінара шешуге мүмкіндік береді.