ҰЙЫТҚУЫ БАР ОРНЫҚСЫЗ ЖҮЙЕНІҢ ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ТАЛДАУ
Жарияланды:
2024-12-10Журналдың саны:
№ 4 (2024): "Вестник ВКТУ им.Д.Серикбаева"Бөлім:
Ақпараттық және коммуникациялық технологияларМақала тілі:
Қазақ тіліКілт сөздер:
басқару нысаны (БН), орнықтылық, автоматты реттеу жүйесі (АРЖ), графоаналитикалық әдісАңдатпа
Автоматты реттеу жүйелерінің (АРЖ) динамикалық сипаттамаларын талдау және зерттеу басқару теориясының маңызды мәселесі болып табылады. Бұл мақала графоаналитикалық әдістерді қолдана отырып, орнықсыз жүйенің өтпелі сипаттамаларын алуға негізделген. Жүйенің келесі динамикалық сипаттамалары алынды: статикалық ауытқу, максималды ауытқу, өтпелі процесс уақыты және шамадан тыс реттеу.
Басқару нысандарының (БН) сипаттамаларын имитациялық модельдеу жүйелерінің көмегімен құру ыңғайлы. Жұмыста VisSim визуалды модельдеу ортасы қолданылады, орта АРЖ құрастыру мен талдау процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Графоаналитикалық әдістердің аналитикалық әдістерге қарағанда артықшылығы – олар көрнекі болады және қарапайым интерпретация жасау мүмкіндігінде.
БН талдау нәтижелерін оқу процесінде "Сызықтық АРЖ", "Бейсызықтық АРЖ", "Датчиктер мен сигналдар", "Басқару объектілерін модельдеу және идентификациялау" және т. б. пәндерді зерттеу кезінде пайдалануға болады.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 ШҚТУ Хабаршысы
Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.