Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

ТЕМІРБЕТОН ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ КӨТЕРГІШТІК ҚАБІЛЕТІН ЖӘНЕ СЕНІМДІЛІК ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

ТЕМІРБЕТОН ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ КӨТЕРГІШТІК ҚАБІЛЕТІН ЖӘНЕ СЕНІМДІЛІК ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Beibit Akhmetov Abylkas Saginov Karaganda Technical University

Жарияланды:

2024-12-10

Бөлім:

Сәулет және құрылыс

Мақала тілі:

Қазақ тілі

Кілт сөздер:

темірбетон, құрылым, сенімділік, шектік күй, тұрғын үй, шектік жағдайда, көтергіштік қабілеті

Аңдатпа

Темірбетон құрылымдары тұрғын үйлерді салудағы ең танымал және берік материалдардың бірі болып табылады. Дегенмен, кез келген басқа құрылымдар сияқты, олардың сенімділігі мен беріктігіне әсер ететін әртүрлі факторларға ұшырайды. Бұл мақалада біз тұрғын үй ғимараттарының темірбетон құрылымдарының жұмысының сенімділігін кешенді зерттеу қалай жүргізілетінін қарастырамыз.

Кешенді зерттеудің бірінші кезеңі - құрылымдарды визуалды тексеру. Тексеру кезінде мамандар ықтимал ақауларды, жарықтарды, деформацияларды және қалыпты жағдайдан басқа ауытқуларды анықтайды. Құрылымдарда бетон қабығы, қатайтылған цемент немесе арматурадағы тоттың пайда болуы сияқты айқын бұзылу белгілерінің болмауын қадағалау маңызды.

Әрі қарай, темірбетон құрылымдарының күйін диагностикалау жүзеге асырылады. Бұл әдістер визуалды тексеру арқылы жасырылуы мүмкін бос жерлер, жарықтар және басқа да кемшіліктер сияқты бетондағы ішкі ақауларды анықтауға мүмкіндік береді.

Деформациялар мен жарықтар мониторингі құрылысты тексеруді орындайтын немесе тәжірибеге сүйене отырып, инспекциялық мамандардың ұсыныстары бойынша таңдалған аспаптарды пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін.

Осы мақсатқа ең қолайлы құрылғылардың ішінде механикалық датчиктерді пайдалану жайлы сөз қозғалды.

Темірбетон құрылымдарының көтергіштік қабілетін және сенімділік жағдайын талдау, жарықтардың пайда болуы жіне оны алдын алу, құрылыс нысанының қызмет ету мерзімін арттыруға мүмкіндік береді.