Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

ЖҰҚА ИЗОТРОПТЫ ПЛАСТИНАЛАРДЫҢ ИІЛУІН ТАЛДАУ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Сунгат Ахажанов Карагандинский университет Букетова
Баян Нурланова Қарағанды Бөкетов университеті
Лайля Абеуова Қарағанды Бөкетов университеті
Асел Мергенбекова Қарағанды медицина университеті

Жарияланды:

2024-06-27

Бөлім:

Статьи

Мақала тілі:

Қазақ тілі

Кілт сөздер:

Жұқа изотропты пластина, айнымалыларды бөлу әдісі, Навье шешімі, майысу функциясы, иілу моменті, көлденең күш, бұралу моменті

Аңдатпа

Қазіргі заманғы құрылыс саласында жұқа изотропты пластиналар кеңінен қолданылады. Тікбұрышты жұқа изотропты пластиналарды есептеу әдістері мен математикалық моделдерін құру маңызды мәселе болып табылады. Мақалада тікбұрышты жұқа изотропты пластинаның иілуі қарастырылған. Пластиналардың есептеу теориясын алу үшін айнымалыларды бөлу әдісі пайдаланылған. Тікбұрышты жұқа изотропты пластинаның иілу деформациясы пластиналардың иілуінің классикалық теориясы арқылы алынған. Пластинаны иілуінің шешімін қарапайым полиномдар арқылы анықтайтын классикалық теорияның жеңілдетілген нұсқасы ұсынылған. Тікбұрышты жұқа изотропты пластинаның иілу есебінің шешімдері келтірілген. Алынған есептеу нәтижелері Навье және ақырлы элементтер әдістерімен салыстырылған.