ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӨШКІН ЖИНАҚТАҒЫШТАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ МОНИТОРИНГ ЖҮЙЕСІ ҮШІН МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН ЖОБАЛАУ

Авторлар

  • Наталья Денисова Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті ORCID: 0000-0003-0525-730X
  • Евгений Федькин Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті ORCID: 0000-0002-9828-1706

Кілт сөздер:

көшкін жинақтағыш, мәліметтер базасы, инфологиялық модель, мониторинг жүйесі, ER-диаграмма

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Аңдатпа

Көшкін белсенділігіне мониторинг жүргізу және болжау үшін көлемді мәліметтерді  өңдеу қажет, бұл ретте мәліметтердің қалыптасуы әртүрлі көздерден болуы мүмкін: өңірлік деңгейдегі - Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің ашық мәліметтер базасынан (МБ), халықаралық деңгейдегі - World Weather Information Service метеорологиялық деректері, Sentinel (Еуропалық ғарыш агенттігі) спутниктерінің деректері, "Қазселденқорғау" ЖШС жедел журналдарынан алынған мәліметтер, көшкін учаскелерінде орнатылған есепке алу приборлардан мәліметтері, метамәліметтер (фото, видео материалдар және беткейлердің 3D модельдері ) және басқалары.

Қар көшкіні белсенділігін одан әрі болжаудың маңызды міндеті - қар көшкіні жинақтағыштарының дерекқорын дұрыс жобалау болып табылады. Бұл зерттеуде көшкіннің түсуін болжаудың дәстүрлі әдістерін және машиналық оқыту әдістерін одан әрі қолдануға мүмкіндік беретін МБ инфологиялық моделі жобаланды.

Нәтижесінде ақпараттық объектілер (нысандар) анықталынып және МБ инфологиялық моделі (ЕR - диаграмма) құрылды, олардың негізінде ШҚО көшкін белсенділігінің мониторингі және болжау жүйесі үшін МБ әзірленді. Және де мәліметтер  көздері мен мәліметтерді алу технологиялары анықталды.

Автор өмірбаяндары

Наталья Денисова

физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ цифрлық офицері, Қазақстан, Өскемен

Евгений Федькин

техника ғылымдарының магистрі, Ақпараттық технологиялар департаменті сүйемелдеу және ақпараттық технологиялар басқармасының біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты инженері, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Қазақстан, Өскемен

Жарияланды

2024-06-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Денисова, Н., & Федькин, Е. (2024). ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӨШКІН ЖИНАҚТАҒЫШТАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ МОНИТОРИНГ ЖҮЙЕСІ ҮШІН МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН ЖОБАЛАУ. ШҚТУ Хабаршысы, (2). Retrieved from https://vestnik.ektu.kz/index.php/vestnik/article/view/841

##plugins.generic.recommendByAuthor.heading##