TЕРЕҢ КАРЬЕР БОРТТАРЫНЫҢ ОРНЫҚТЫ ЕҢІСТЕРІНІҢ РЕСУРС САҚТАУШЫ ПІШІНДЕРІ МЕН ПАРАМЕТРЛЕРІН НЕГІЗДЕУ

Авторлар

  • Тулеген Ипалаков ВКТУ им. Д. СЕрикбаева
  • Байтақ Апшикур Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ORCID: 0000-0003-2103-9513
  • Мурат Алимкулов Логистика және көлік академиясы ORCID: 0000-0002-1882-760X
  • Азамат Капасов Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ORCID: 0000-0001-7996-8804

Кілт сөздер:

Терең карьерлер, Борттық массив, Кернеулі деформацияланған жағдай, Ішкі үйкеліс бұрышы, Көлбеу бұрышы, Көлбеу профилі, Тұрақтылық шегінің коэффициенті

Журналдың саны

Бөлім

Сәулет және құрылыс

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты әдістерді талдау негізінде терең карьерлер бортының ұтымды, тұрақты бейінін таңдау мен есептеудің тиімді әдістемесін әзірлеу. Мақалада әртүрлі геомеханикалық жағдайларда терең карьерлердің борт маңайындағы массивінің тау жыныстарының кернеулі-деформацияланған күйін бағалау бойынша жүргізілген зерттеулердің негізінде, карьерлік беткейлердің тұрақтылығының бұзылуын қалыптастырушы  тау-кен геологиялық, гидрогеологиялық және тау-кен техникалық шарт жағдайлардың себептері,  атап айтқанда  карьерлік беткейлер параметрлерінің тау-кен-геологиялық жағдайларға сәйкес келмеуі немесе осы жағдайлардың жеткіліксіз зерттелуі, тау-кен жұмыстарын дұрыс жүргізбеу, гидростатикалық және гидродинамикалық күштердің жыныстарға әсері, тау-кен-көлік кешенінің, жаппай жарылыстардың әрекетінен болатын динамикалық жүктемелер, сондай-ақ беткейлердің немесе қастарға іргелес учаскелердің қосымша жүктемелері, көлбеу параметрлерін есептеудің дұрыс емес әдісін қолдану және сонымен қатар, деформациялық құбылыстарды талдау негізінде беткейлерде көшкіннің пайда болуын шарттайтын жағдайлар тау жыныстары массивінің тепе-теңдік күйінің бұзылуына әкелетін күштердің көрінуіне ықпал ететін табиғи және жасанды процестердің жиынтығы екендігі айқындалды. Көлемдік қираудың вертикальды призмасын бөлу барысында, шеңберлі цилиндрлік гипотеза базалық ретінде қабылданады. Алынған мәліметтер нәтижесі негізінде, карьер борттарының тұрақтылығын есептеу әдістері талданып, карьердің жұмыс бортының бұрышының ұлғаюына 15-45 м сатысының биіктігі ең үлкен әсер ететіндігі анықталды және жазық сатылы, жазық пішінді аралық контурлардың  ұтымды еместігі айқындалды.  Зерттеу қорытындысының практикалық және теориялық негізінде, карьердің жұмыс аймағының бүйірлік беткейінің тегіс дөңес профилі, тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, адамдар мен технологиялық жабдықтардың қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етумен қатар, тегіс профильмен салыстырғанда аршу жұмыстарының көлемін 25,3 мың м3 азайтуға болатын ең үнемді әдіс екендігі анықталды.

Жарияланды

2025-03-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ипалаков, Т., Апшикур, Б., Алимкулов, М., & Капасов, А. (2025). TЕРЕҢ КАРЬЕР БОРТТАРЫНЫҢ ОРНЫҚТЫ ЕҢІСТЕРІНІҢ РЕСУРС САҚТАУШЫ ПІШІНДЕРІ МЕН ПАРАМЕТРЛЕРІН НЕГІЗДЕУ. ШҚТУ Хабаршысы, (1). Retrieved from https://vestnik.ektu.kz/index.php/vestnik/article/view/854

##plugins.generic.recommendByAuthor.heading##