КАЗАКСКИЙ IOT ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖЕҢІЛCАЛМАҚТЫ ШИФРЛАУ АЛГОРИТМІ

Авторлар

  • Ardabek Khompysh IICT

Кілт сөздер:

Жеңілсалмақты криптографиялық алгоритмдер, Arduino Uno R3, ISL_LWC, IoT құрылғылары, раундттық кілт, бағдарлама, ауыстыру, сызықты емес түрлендірулер, микроконтроллер, шифрлау, NIST, S-box, шифрлау алгоритмі.

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Аңдатпа

Бұл мақалада шекті ресурстарға негізделген аппаратты құрылғылардағы мәліметтерді қорғауға арналған жаңа жеңісалмақты шифрлау ISL_LWC алгоритмі ұсынылған. Ұсынылған жеңісалмақты шифрлау ISL_LWC алгоритмін зерттеу, Speck және Present  алгоритмдерімен салыстыру барысында  Arduino Uno R3 платасы қолданылды. Барлық үш жеңілсалмақты шифрлау алгоритмдерінің шифрлау жылдамдығын және раундттық кілттерді генерациялау көрсеткіштерінің сапасын зерттеу үшін алгоритмдер жоғарыдеңгейлі C++ бағдарламалау  тілінде бағдарламалық жүзеге асырылды. Шифрлау жылдамдығын және раундттық кілттерді генерациялау жылдамдығын тексеру Arduino Uno R3 платасы негізінде АҚШ-тың Ұлттық стандартты және технологиялар институты дайындаған платформадағы бағдарламалық кіріс кодтары алынып осы негізінде тесттер жүргізілді. Зерттеу жүргізу барысында  мақсатқа сай қанағаттанарлық  нәтиже алынды. ISL_LWC шифрлау алгоритмі шекті ресурстардағы аппараттық құрылғыларға қолдануға жылдамдығы жағынан сипаттамалық талаптарға сәйкес келетіндігі анықталды. Сонымен қатар   S блоктың қасиеттері зерттеліп нәтижелері ұсынылды.