ТҰРАҚТЫ ҚҰРЫЛЫМЫ БАР ЭНЕРГИЯ ТҮРЛЕНДІРГІШ
Жарияланды:
2024-12-10Журналдың саны:
№ 4 (2024): "Вестник ВКТУ им.Д.Серикбаева"Бөлім:
Сәулет және құрылысМақала тілі:
Қазақ тіліКілт сөздер:
жел энергиясы; діріл энергиясы; түрлендіргіш; тұрақты құрылым; діріл жиілігі; тербеліс амплитудасы;Аңдатпа
Тұрақты дамудың жаһандық мақсаттарына қол жеткізуде баламалы көздердің энергетикасы маңызды рөл атқарады. Жел және діріл энергиясы көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруді зерттеудің өзекті бағыты. Осыған байланысты ілеспе газдарды электр энергиясына айналдыру мақсатында тұрақты құрылымы бар энергия түрлендіргішін қолдану мүмкіндігін негіздеу үшін зерттеулер жүргізілді.
Мақалада ауа ағыны тудыратын дірілді электр энергиясына айналдыру механизмі қарастырылады. Түрлендіргіштерді қондырғының жұмыс аймағында тиімді орналастыру шарттары, тік және көлденең бағыттардағы құйындылардың пайда болу заңдылықтарына сүйене отырып, қондырғының конструктивті және пайдалану параметрлерін сақтай отырып, тік және көлденең бағыттардағы қадам анықталды. Түрлендіргіштер қозғалған кезде діріл жиілігі мен тербеліс амплитудасы зерттеледі, режимдік параметрлерін өзгертету, яғни ауа ағынының жылдамдығын өзгерту мен конструктивтік параметрлерін өзгерту, яғни түрлендіргіштің қадамын тік және көлденең бағытта өзгерту. Салыстыру үшін зерттелетін көрсеткіштердің зертханалық және есептік деректері келтірілген. Тік және көлденең бағыттардағы құйындардың өзара әрекеттесуін сипаттайтын коэффициент теңдеулері көрсетілген.
Зерттеулер нәтижесінде құйындардың пайда болу заңдылықтарын ескере отырып, түрлендіргіштердің тік және көлденең бағытта орналасу қадамдары анықталды, түрлендіргіштердің орналасуына байланысты діріл жиілігі мен тербеліс амплитудасы зерттелді. Электр энергиясын өндіру процесінде бір мезгілде құйындардың пайда болу зандылықтарын қолдану баламалы көздердің энергетикасын дамытудың перспективалық бағыты болып табылады.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 ШҚТУ Хабаршысы
Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.