Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӨШКІН ҚАУПІ БАР УЧАСКЕЛЕРДІҢ МОНИТОРИНГІ ҮШІН

Жарияланды:

2024-09-30

Бөлім:

Статьи

Мақала тілі:

Орыс тілі

Кілт сөздер:

тірек конструкциясы, мачта, қар көшкіні, мониторинг, бақылау

Аңдатпа

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінін бақылаудың қолданыстағы әдістері қар массаларының түсу және жиналу сәтінің уақытылы және толық бейнесін бермейді. Бұл мәселені шешу үшін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде ШҚО көшкін қаупі бар учаскелерінің мониторингінің заманауи автоматтандырылған жүйесі әзірленуде. Ол қар көшкіні қаупі бар учаскелерде тірек конструкцияларына орнатылған аспаптардың көмегімен қар массаларының жиналуын қашықтықтан бақылауды көздейді. Мұндай конструкцияны  орнату үшін конструкцияның түрі мен жасайтын материалды таңдау мәселесін шешу қажет. Бұл міндетті шешу үшін Қазақстан Республикасының Ережелер жинақтары және  телекоммуникациялық жабдықтары мен ұялы радиотелефон байланысы жабдықтарын орнату және пайдалану, метеорологиялық жүйелер мен бақылаулар, антенна құрылыстары және басқалары үшін қолданылатын металл конструкциялар нарығында ұсынылатын бұйымдар зерделенді. Мақалада тірек конструкциялары таңдалынып немесе жобаланатын ШҚО аумағындағы (жел, қар, көктайғақ және басқалары.) әсер етудің нормативтік параметрлері келтірілген, ҚР нормалары ұсынған мачталардың конструкциялары қарастырылды, сондай-ақ нарықтағы металл конструкцияларын өндіруші-зауыттар ұсынған конструкцияларды салыстыру жүргізілді.

##plugins.generic.recommendByAuthor.heading##