Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

ЕГУ ҚАТАРЫ МӘНДЕРІНІҢ ЕНІ ӘР ТҮРЛІ ЖӘНЕ ДІРІЛДЕЙТІН ДИСК АШҚЫШТАРЫ БАР ТҰҚЫМ СЕБУ КЕ-ШЕНІНІҢ МОДЕЛІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Бекболат Молдаханов докторант 1 курса ВКТУ

Жарияланды:

2024-12-10

Бөлім:

Сәулет және құрылыс

Мақала тілі:

Орыс тілі

Аңдатпа

Мақала егіс агрегатының дискілі дірілдейтін жұмыс органдарының топырақпен өзара әрекеттесуіне арналған. Топырақты өңдеу кезіндегі тарту кедергісі мен энергия сыйымдылығын төмендету, егіс агрегаттарының жылдамдығы мен өнімділігін арттыру үшін дірілдің топыраққа әсерін сипаттайтын заңдылықтары анықталды. Сонымен бірге егіс агрегатының дірілдейтін дискілі жұмыс органының топырақты кесудің механикалық-математикалық моделі әзірленді. Дискілі жұмыс органының кесу жиегінің топырақпен дірілдейтін әсерлесу параметрлерін анықтау үшін математикалық тәуелділіктер алынды. Процестің тарту кедергісі мен энергия сыйымдылығын төмендету тұрғысынан дірілді кесу процесінің тиімділік шарттары белгіленді. Егіс жабдықтарының дискілі жұмыс органын жобалау және пайдалану кезінде, топырақты дірілдетудің ұтымды параметрлерін таңдау әдістемесі жасалды. Сонымен қатар, зерттеулер барысында алынған теориялық нәтижелерді растайтын және тарту кедергісі мен энергия шығынын азайту үшін, дискілі жұмыс органының топырақты дірілдеп кесуінің тиімділігі мен орындылығын дәлелдейтін діріл жұмыс жабдығының тәжірибелік үлгісін эксперименттік зерттеу нәтижелері келтірілді.

Осы мақалада келтірілген зерттеулер нәтижелерін, Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырады (АР14869252 "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік өндірісі жағдайында пайдалану үшін өнімділігі жоғары әмбебап егіс кешенінің конструкциясын әзірлеу" гранты)

##plugins.generic.recommendByAuthor.heading##