Рецензиялау туралы
Рецензиялау — қолжазбалардың ғылыми құндылығын, журналдың профиліне сәйкестігін, күшті және әлсіз жақтарын анықтау мақсатында жариялауға ұсынылған материалдарды сараптамалық бағалау үдерісі. Бұл авторлар мен редакция тарапынан материал сапасын арттыруға ықпал етеді.
Рецензиялау ғылыми журналдың редакциялық алқасымен ұйымдастырылады және жарияланымдардың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ең өзекті және маңызды ғылыми жұмыстарды іріктеуге бағытталған. Рецензиялауға тәуелсіз сарапшылар мен редколлегия мүшелері қатысады.
Журналға жариялауға ұсынылған барлық қолжазбалар рецензиялаудан өтеді.
Жалпы ережелер
Рецензиялауға бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған және «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Хабаршысы» ғылыми журналының Авторларға арналған ережелерінде көрсетілген талаптарға толық сәйкес ресімделген түпнұсқа ғылыми қолжазбалар қабылданады.
Материалдар ашық сипатта болуы тиіс. Қолжазбада қол жеткізуді шектеу белгісі болса, ол жариялаудан бас тартуға негіз болады.
Егер қолжазба мазмұны журналдың бағытына сәйкес келсе және ресімдеу талаптары орындалған болса, редакция оны қарауға қабылдайды. Рецензиялау үдерісін бас редактор бастайды.
Рецензенттер материалдарды автоматтандырылған жүйе арқылы алады және электрондық пошта арқылы хабарлама алады.
Рецензиялау үдерісін ұйымдастыру
- Рецензиялауға тиісті ғылыми салада жұмыс істейтін беделді ғалымдар тартылады. Рецензент ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD немесе Dr. habil. дәрежесіне ие болуы тиіс. Үшінші тараптағы ғылыми ұйымдардың мамандарын тартуға жол беріледі.
- Рецензенттер «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Хабаршысы» ғылыми журналының Публикациялық этика талаптарын сақтау тиіс.
- Кәсіби құзыреті немесе уақыты жеткіліксіз рецензенттер 3 жұмыс күні ішінде редакцияға бас тартуы туралы хабарлауы керек.
- Рецензиялау мерзімі қолжазбаны алған күннен бастап бір айдан аспауы тиіс. Қажет болған жағдайда қосымша рецензенттер тарту үшін бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.
- Рецензиялау жүйесі үш деңгейден тұрады:
- 1-деңгей – модератордың қолжазбаны формальды талаптарға, тақырыпқа және журнал құрылымына сәйкестігін техникалық тексеруі;
- 2-деңгей – мәтіннің түпнұсқалылығын «Антиплагиат» жүйесі арқылы тексеру: түпнұсқалылық ≥ 65%, ұқсастықтар ≤ 25%;
- 3-деңгей – екі тәуелсіз сарапшы жүргізетін «қос соқыр» рецензиялау.
- Қажет болған жағдайда қолжазба қосымша рецензиялауға (3 рецензентке дейін) жіберілуі мүмкін.
- Рецензент келесі шешімдердің бірін қамтитын жазбаша қорытынды ұсынады:
- Өзгеріссіз қабылдау;
- Шағын түзетулермен қабылдау;
- Маңызды түзетуден кейін қабылдау (қайта тексеру);
- Қабылдамау.
- Түзету немесе бас тарту жағдайында рецензент нақты себептер мен ескертулерді, қажет болған жағдайда бет нөмірлеріне сілтемелермен көрсетуі тиіс.
- Рецензенттердің пікірлері сәйкес келмеген жағдайда үшінші сарапшы тағайындалады. Оның шешімі қолжазбаның тағдырын айқындайды. Автор ескертулермен келіспеген жағдайда редакция жұмысты қабылдамауға құқылы.
- Маңызды түзетулер қажет болған жағдайда автор барлық ескертулерге жауап беретін ілеспе хатпен бірге жаңартылған нұсқасын ұсынады.
- Екі рецензенттен де оң қорытынды алынған жағдайда қолжазба баспаға жіберіледі. Авторлық құқық шарты жасалып, мақаланы жариялауға қабылдау туралы куәлік рәсімделеді.
- Плагиат, жалған деректер немесе адал емес дәйексөздер анықталған жағдайда қолжазба кез келген кезеңде қабылданбауы мүмкін.
- Қайта жіберілген қолжазбада түзетулер болмаған жағдайда мақала автоматты түрде қабылданбайды.
- Қабылданбаған мақалаларға арналған рецензиялар редакциямен қайта пайдаланылмайды. Модератор авторға хабар беріп, қорытынды мәтінін жолдайды.
- Автор түзетуден бас тартқан жағдайда бұл туралы редакцияға жазбаша түрде хабарлауы тиіс. Бір ай ішінде жауап болмаса, қолжазба қараудан алынып тасталады.
- Егер мақала шағын өзгерістермен қабылданса, автор сайттағы жеке кабинеті арқылы тиісті хабарлама алады: https://vestnik.ektu.kz.
- Рецензиялау нәтижесі бойынша редакциялық алқа келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
- Мақала жариялауға ұсынылады;
- Пікір алшақтығы болған жағдайда шешімді бас редактор қабылдайды;
- Түзетуді қажет етсе — мақала авторға қайтарылады.
- Рецензиялардың түпнұсқалары редакцияда кемінде 5 жыл сақталады.
- Авторлар рецензия көшірмелерін немесе негізделген бас тарту туралы жауап алады.
Рецензияларға қойылатын талаптар
- Редакция рецензиялау кезінде қолжазбаны бағалаудың стандартты нысанын қолдануды ұсынады.
- Рецензия қолжазбаны объективті түрде бағалап, оның ғылыми және әдістемелік артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты талдауы тиіс. Рецензия келесі аспектілер бойынша негізделген бағалауды қамтуы қажет:
- материалдың ғылыми (теориялық, әдістемелік, тұжырымдамалық) өңделу деңгейі;
- қойылған мәселенің өзектілігі;
- мазмұнның ғылыми жаңалығы мен түпнұсқалығы;
- зерттеудің теориялық және қолданбалы маңыздылығы;
- тиісті ғылыми саланың дамуына қосқан үлесі;
- ұсынылған деректердің шынайылығы;
- қолданылған анықтамалар мен тұжырымдардың дұрыстығы;
- жасалған тұжырымдардың негізділігі;
- эмпирикалық немесе практикалық материалдардың репрезентативтілігі;
- иллюстративті материалдардың (кестелер, суреттер) орындығы мен сапасы.
Рецензияда сондай-ақ ескертулер тізімі көрсетілуі, плагиаттың бар/жоқтығы туралы қорытынды беріліп, мақала жариялауға ұсыныла ма, жетілдіру қажет пе, әлде қабылданбай ма — деген түпкілікті шешім жасалуы тиіс.
Сонымен қатар мәтіннің қисыны, құрылымы, ғылыми стилі және тілдік сауаттылығы да бағаланады.
Рецензенттерді тарту географиясы