ВЛИЯНИЕ КОМПЛЕКСНОЙ МОДИФИЦИРОВАННОЙ ДОБАВКИ НА КАЧЕСТВО ПРОИЗВОДСТВО ПЕНОБЕТОННЫХ ИЗДЕЛИЙ

Авторлар

Кілт сөздер:

цемент қамыры, спирттік кейінгі барда, кешенді модификацияланған қоспа, ұстасу мерзімі

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Аңдатпа

Аңдатпа: Құрылыс саласының қарқынды дамуы және құрылыс материалдарының жаңа түрлеріне үлкен сұранысты ескере отырып, мақалада авторлар бетонның құрылымына жағымды әсер ететін пластификаторлық әсері бар кешенді модификацияланған қоспаны ұсынды. Мақалада әртүрлі пайыздық мөлшердегі кешенді модификацияланған қоспаның цемент қамырының ұстасу мерзіміне әсерін анықтау үшін жасалған зертханалық тәжірибе нәтижелері көрсетілген. Сондайқ-ақ жұмыста цемент қамырының ұстасу мерзімін анықтау әдістемесі, әртүрлі пайыздық көлемдегі кешенді модификацияланған қоспаны дайындау технологиясы баяндалған. Бұл мақалада жоспарланған құрамды қоспа алу үшін этил спирт өндірісінің қалдығы (спирттік кейінгі барда), қатуды тездеткіш (ғаныш) және сілті (каустикалық сода) қолданылды. Тәжірибе нәтижесінде натрий қосылысы спирттік кейінгі барданы бейтараптандырып, ғанышпен әрекеттескенде цемент қамырының физика-химиялық қасиеттеріне әсер етіп, синергетикалық эффект тудыратындығы анықталды. Қоспаның пластификаторлық әрекеті арқасында ұстасу мерзімінің басы мен соңы арасындағы аралық қысқарып, бұйым жасау процесінің қарқындылығы күшейді. Кешенді модификацияланған қоспа цемент қамырының беріктігі мен төзімділігі жоғарылады. Модификацияланған қоспаны қосқанда ұстасудың басталуы (1 сағат 55 минуттан) (20 минут) дейін және ұстасудың соңы 5 сағ 10 минуттан  2 сағ 10 минутқа дейін азайып, ең жақсы нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, бақылаумен салыстырғанда қоспалары бар сынамалардағы судың мөлшері 35%-ға азайған.

 

Автор өмірбаяндары

Жоламан Шашпан

д.т.н., Доцент кафедры «Технология промышленного и гражданского строительства», ЕНУ им. Л.Н.Гумилева,

Думан Дюсембинов

К.т.н., Доцент кафедры «Технология промышленного и гражданского строительства», ЕНУ им. Л.Н.Гумилева

Рауан Лукпанов

PhD, Профессор кафедры «Технология промышленного и гражданского строительства», ЕНУ им. Л.Н.Гумилева

Алия Алтынбекова

PhD. Student, Department of Technology of Industrial and Civil Construction, L.N. Gumilyov Eurasian National University,

Жарияланды

2024-06-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Askerbekova, A., Шашпан, Ж., Дюсембинов, Д., Лукпанов , . Р., & Алтынбекова, А. (2024). ВЛИЯНИЕ КОМПЛЕКСНОЙ МОДИФИЦИРОВАННОЙ ДОБАВКИ НА КАЧЕСТВО ПРОИЗВОДСТВО ПЕНОБЕТОННЫХ ИЗДЕЛИЙ. ШҚТУ Хабаршысы, (2). Retrieved from https://vestnik.ektu.kz/index.php/vestnik/article/view/623

##plugins.generic.recommendByAuthor.heading##