ONTOLOGICAL MODELING OF THE TEACHER TRAINING PROCESS WITH ELEMENTS OF STEM EDUCATION
STEM-БІЛІМ БЕРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ПРОЦЕСІН ОНТОЛОГИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ
Жарияланды:
2024-12-10Журналдың саны:
№ 4 (2024): "Вестник ВКТУ им.Д.Серикбаева"Бөлім:
Ақпараттық және коммуникациялық технологияларМақала тілі:
Ағылшын тіліКілт сөздер:
білім, онтология, онтологиялық инженерия, білім базасы, онтологиялық модель.Аңдатпа
Мақалада "STEM-білім беру интеграциясы бар оқытушылардың біліктілігін арттыру процесінің онтологиялық моделі"құрылысын қарастырады. STEM-білім беру элементтері бар оқытушылардың біліктілігін арттыру процесін онтологиялық модельдеу салалары бірнеше факторларға байланысты.
Біріншіден, соңғы жылдары бүкіл әлемде STEM біліміне (ғылым, технология, инженерия және математика) назар аударылуда, өйткені бұл білім салалары инновация мен экономиканы дамытудың кілті болып табылады. Екіншіден, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуы оқытудың жаңа әдістері мен білім беру модельдерінің пайда болуына әкеледі. Үшіншіден, STEM-білім беру элементтері бар оқытушылардың біліктілігін арттыру процесінің онтологиялық моделінің болуы жеке білім беру бағдарламаларын құруды және іске асыруды едәуір жеңілдетеді.
Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарында "STEM-білім берудің интеграциясы бар оқытушылардың біліктілігін арттыру процесінің онтологиялық моделі" зерттеу нәтижелерін қолдану білім беру процесіне онлайн-қолдауды, оқытушылармен білім алушының бірлескен жұмысы мен қарым-қатынасын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Оқытушылардың біліктілігін арттыру процесінде онтологиялық инжиниринг пен STEAM-тәсілді қолдану оқу бағдарламаларын әзірлеуге, оқытушылардың құзыреттерін бағалауға, білім сапасын арттыруға және оқытушылардың біліктілігін арттыру кезінде оқытуды жекелендіруге көмектеседі.
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 ШҚТУ Хабаршысы
Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Most read articles by the same author(s)
- Мадина Базарова, МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ STEM ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДА ОНТОЛОГИЯЛЫҚ ИНЖИНИРИНГТІ ҚОЛДАНУ , ШҚТУ Хабаршысы: № 1 (2023): «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Хабаршысы»