БАЛҚАРАҒАЙ ЖАҢҒАҒЫНЫҢ ҚАБЫҒЫН ШАҒУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ КОНСТРУКЦИЯСЫН НЕГІЗДЕУ

Авторлар

  • Аят Хамитбек Алматинский технологический университет

Кілт сөздер:

Түйін сөздер: балқарағай жаңғағы; жабдық; сита, цилиндрлі ролик; электронды таразы, механикалық пресс, жаңғақ қабығы; шағылу күші.

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Аңдатпа

Аңдатпа. Қазақстан Республикасының Шығыс аймағында кеңінен таралған балқарағай жаңғағын кешенді өңдеу өзекті болып табылады, өйткені балқарағай жаңғағы-толыққанды ақуыздар, микро-және макроэлементтер, май қышқылдары мен дәрумендер кешені бар өсімдік шикізатының перспективалы түрлерінің бірі болып табылатын бірегей табиғи өнім. Мақаланың мақсаты - балқарағай жаңғағын өңдеу технологиясын жетілдіру үшін өндірістегі технологиялық жабдықтарды талдау негізінде қолданыстағы жабдықтармен салыстырғанда анағұрлым өнімді, балқарағай жаңғағының қабығын шағуға арналған жабдық конструкциясы әзірленді. Оның жұмыс істеу принципі - жаңғақты қабылдау бункерінен сита арқылы 3 фракцияға бөліп, төменде орналасқан цилиндрлі роликтер арасындағы қуысқа беру және жаңғақ қабығын шағатын қысу күшін жасау. Мақалада жаңғақ қабығының құрылғыдағы шағылу процесіне әсер ететін күштердің теориялық зерттеулерінің нәтижелері көрсетілген. Жабдықтың жұмыс органдарының реттелетін параметрлеріне ω2 бұрыштық үдеуі ,  rд цилиндрлі роликтер радиусының mд массасына, цилиндрлі роликтер бетінің көлбеу бұрышына α және роликтер арасындағы саңылауға  және реттелмейтін параметрге, яғни балБалқарағай жаңғағының қабығының шағылу күшіне байланысты екендігі анықталды. Жүргізілген эксперименттік зерттеулердің нәтижесінде балқарағай жаңғағының қабығын шағу күші анықталды. Эксперимент схемасына сәйкес, балқарағай жаңғағы электронды таразыға орналастырылып қабығы шағылғанға дейін статикалық қысылуға ұшырады, нәтижесінде қысу күшінің мәндері бекітілді. Алынған мәндерді өңдеу мақсатында статистикалық өңдеуден өткізілді. Балқарағай жаңғағы қабығының шағылу күшінің таралуы қалыпты заңмен сипатталатыны анықталды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде балқарағай жаңғағының қабығының шағылу күшінің орташа мәні 65,5 Н құрады.