Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

ҒАРЫШТЫҚ СУРЕТТЕР БОЙЫНША ӨСКЕМЕН Қ. ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫН МОНИТОРИНГІЛЕУ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Маржан Рахымбердина НАО "Восточно-Казахстанский технический университет им. Д. Серикбаева"

Жарияланды:

2023-09-30

Мақала тілі:

Қазақ тілі

Кілт сөздер:

ғарыштық суреттер, вегетациялық индексі, ГАЖ технологиялар, Жерді қашықтықтан зондтау, мониторинг

Аңдатпа

Мақалада ғарыштық түсіріс материалдары бойынша NDVI индексін есептеу негізінде Өскемен қаласының жасыл желектерінің жай-күйін зерттеу нәтижелері келтірілген. NDVI индексін есептеу қаланың жасыл қаңқасының, соның ішінде қаланың өнеркәсіптік және тұрғын аудандарының жалпы даму тенденциясын анықтауға көмектеседі. Әртүрлі ГАЖ бағдарламаларында жасалған векторлық карталар мен NDVI карталарын пайдалану елді мекендердегі жасыл желектердің жедел бақылаудың ең ұтымды және қолжетімді әдісі ретінде қарастырылды. Зерттеу нәтижелері бойынша 2021 жылға арналған қаладағы жасыл желектердің жалпы ауданы 279,17 га құрайды, бұл 2000, 2010 жылдармен салыстырғанда екпелер аумағының ұлғаюын көрсетеді, сондай-ақ қаланың ең жасыл аудандары белгіленді.

##plugins.generic.recommendByAuthor.heading##