Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

БАЙЕС ЖЕЛІЛЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУҒА ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘСЕРІН АНЫҚТАУ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Сауле Смаилова Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
Мария Вороненко Херсон ұлттық техникалық университеті
Володимир Литвиненко Херсон ұлттық техникалық университеті
Сауле Кумаргажанова ВКТУ им.Д.Серикбаева
Елена Блинаева Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
Айжан Тлебалдинова Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

Жарияланды:

2024-09-30

Бөлім:

Статьи

Мақала тілі:

Ағылшын тілі

Кілт сөздер:

Байес желілері, жалпы ішкі өнім, жоғары білім, аймақтың экономикалық дамуы, компьютерлік модельдеу

Аңдатпа

Қазіргі қоғамда жоғары оқу орындары білім беру және ғылыми-зерттеу орталықтары ретінде ғана емес, сонымен аймақтың экономикасына, саясатына, әлеуметтік саласына белгілі бір әсер етеді. Сондықтан, аймақтардағы университеттердің жергілікті ортаның тұрақты дамуы үшін жұмыс істеуін бағалау мәселесі өзекті болып отыр.

Мақалада авторлар Байес желілерінің математикалық аппаратына негізделген білім беру жүйесінің күйін сипаттайтын факторлардың елдің жалпы ішкі өніміне (ЖІӨ) әсерін талдау моделін ұсынды. Байес желілерін (БЖ) пайдаланудың артықшылығы - олардың толық емес, дәл емес, шулы ақпарат жағдайыны төзімділігі. БЖ күрделі қатынастарды болжау, тікелей және кері модельдеу және шешім қабылдау үшін қолданылады. Ұсынылған модель жоғары білім беруді қаржыландыру, ғылыми-зерттеу қызметі, білім алушылар мен қызметкерлер саны сияқты факторларға байланысты ЖІӨ мөлшерін болжайды. Құрастырылғаг Байес желісі ЖІӨ деңгейінің жоғары білім беру жағдайын сипаттайтын факторларға тәуелділігін тікелей болжауға ғана емес, сонымен қатар кері модельдеуге, яғни ЖІӨ-нің Белгілі бір деңгейіне жету үшін қандай параметрлерді өзгерту керектігін болжауға көмектеседі.

##plugins.generic.recommendByAuthor.heading##