Д. Серікбаев атындағы ВКТУ сайты
  • Қаріп өлшемі
    16px
    Сайттың түстері
    Суреттер

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ СӘЙКЕСТІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫН КЛАСТЕРЛІК ТАЛДАУ

Авторлар

Аты-жөні Жұмыс орны
Айжан Тлебалдинова Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
Жадыра Конурбаева Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
Сауле Кумаргажанова ВКТУ им.Д.Серикбаева
Сауле Смаилова Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
Жанат Сейтахметова Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

Жарияланды:

2025-03-28

Бөлім:

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар

Мақала тілі:

Ағылшын тілі

Кілт сөздер:

цифрлық сәйкестілік, сауалнама деректері, иерархиялық кластерлеу, цифрлық белсенділік, академиялық қызмет, зерттеу қызметі, әлеуметтік қызмет

Аңдатпа

Білім алушылардың цифрлық сәйкестігі мәселесінің қазіргі білім беру саласында өзектілігі артып тұр. Технологиялардың даму қарқынына және онлайн оқытуға көшуге байланысты студенттер деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды цифрлық ортада аутентификациялау сияқты мәселелер білім беру мекемелері үшін маңызды міндеттерге айналды. Бұл мақала Шығыс Қазақстан өңірлік университеттері студенттерінің цифрлық сәйкестіктерінің ерекшеліктерін анықтауға арналған. Зерттеудің мақсаты - білім алушылардың цифрлық сәйкестіктерінің ерекшеліктерін анықтау мақсатында сауалнама деректерін талдау үшін кластерлік талдауды қолдану. Зерттеудің жалпы әдістемесі ұсынылған, оған сәйкес оларды кейінгі талдауға дайындау мақсатында деректерге алдын ала өңдеу операциялары жүргізілді. Жұмыста студенттердің цифрлық сәйкестігін қалыптастыруға әсер ететін мінез-құлық факторларын талдау үшін Ward алгоритмі арқылы иерархиялық кластерлеу қолданылды. Elbow әдісімен кластерлік талдау жүргізбес бұрын кластерлердің оңтайлы саны анықталды, бұл зерттелетін деректерді тиімді бөлуге және жіктеуге мүмкіндік берді. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының үш өңірлік жоғары оқу орындарынан 324 студент арасында жиналған сауалнама деректері пайдаланылды. Сауалнама Google нысандары көмегімен онлайн форматта жүргізілді. Сұрақтардың мазмұны цифрлық белсенділікті және онлайн-кеңістіктегі білім алушылардың өзара іс-қимылын, сондай-ақ олардың академиялық, зерттеу және әлеуметтік белсенділігі туралы сұрақтарды қамтиды. Деректердің сенімділігін бағалау үшін α Кронбах коэффициенті қолданылды. Зерттеу нәтижесінде білім алушылардың цифрлық сәйкестіктерінің әртүрлі деңгейлерін қамтитын ("Қарқынды цифрлық белсенділік", "Цифрлық белсенділіктің гибридті түрі", "Шектеулі цифрлық белсенділік") топтар бөлінді. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде білім алушының цифрлық сәйкестік деңгейін ескере отырып, олардың Цифрлық бейінін әзірлеу, сондай-ақ, олардың академиялық және әлеуметтік дамуын оңтайландыру мақсатында оқытудың дербестендірілген траекторияларын жоспарлау көзделеді.

##plugins.generic.recommendByAuthor.heading##